«Колледждерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру
және сапасын арттыру» тақыбында әдістемелік десант өтті
Колледжде 24.11.2022жылы облыстық білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ кураторларына арналған әдістемелік десант ұйымдастырылды.
Тәрбие саласын жан-жақты дамыту мен қатар тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған әдістемелік десант бірнеше бағыттарда өткізілді. Кіріс диагностикасы, сауалнамасы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыстарын әдістемелік ұсыным хат негізінде жүргізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастыру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырудың жолдары тақырыптарында ТжКБ кафедра меңгерушісі: Н.Жунисова, ТжКБ кафедра әдіскері М.Бегимова бірқатар ақпараттар берді.
Директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары Ш.Асанова «Құндылыққа негізделген оқыту мен тәрбие» тақырыбында колледжде атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Тәрбие жұмысының формалары яғни айтқанда ашық тәрбие сағаттары, танымдық кештер, дебат ойындары, жаңа форматта ата-аналар жиналысы, әдеби композициялық кеш өткізумен жалғасын тапты.