Спид – ғасыр дерті

1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күн. Осыған орай 01.12.22ж колледжде студенттерге “СПИД-ғасыр дерті” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты СПИД ауруы туралы мағлұматтар бере отырып, СПИД-тің жұғу жолдарымен оның белгілерін, алдын алу шаралары туралы мәліметтер бере отырып, студенттерді жаман әдеттен аулақ болуға , тазалыққа, адамгершілік-жыныстық тәрбие мен, болашақ ұрпақ мүддесін ойлауға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Тәрбие сағатын ұйымдастырған А.Құрмансейітқызы студенттерге жан-жақты ақпараттар берумен қатар, слайдтар, бейнероликтер назарларына ұсынып, олардың жеке пікірлері тыңдалды. Сонымен қоса адам ағзасына зиянды заттар туралы көрініс көрсетіліп, денсаулықтың қадірі туралы жыр жолдарын студенттер жатқа оқыды.