«Терең ойлы ғалым» Ахмет Байтұрсынұлына — 150 жыл

N17 колледж кітапханасында колледж студенттеріне ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі,ақын,әдебиет зерттеушісі,ғалым, қазақ тіл білімінің атасы,

түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай “Терең ойлы ғалым” атты ауызша журнал ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандарға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларымен таныстырып,оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.