Жаңалықтар

🔰 АРЫС ҚАЛАСЫ «№17 КОЛЛЕДЖ» МКҚК ТӨМЕНДЕГІ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ БОС ОРЫНДАР БАР ЕКЕНДІГІН ЖАРИЯЛАЙДЫ.

✅1 – курс бойынша

1. 07230100– «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы

3W07230102 – «Арнайы тігінші» біліктілігі бойынша

Т-24-01 тобында 1 – орын бос.

2. 10130300– «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы

3W10130302 – «Аспазшы» біліктілігі бойынша

АС-24-01 тобында 1 – орын бос.

3. 07150500– «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) мамандығы

3W07150501 – «Электргазымен дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша

ГЭД-24-01 тобында 2 – орын бос.

4. 07320100– «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы

3W07320104 – «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша

ҚШ-24-01 тобында 2- орын бос.

✅ 2 – курс бойынша

1. 07160500– «Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы

3W07160501 – «Локомотив машинисының көмекшісі» (түрлері бойынша) біліктілігі бойынша

ЭМК-23-1 тобында 1- орын бос.

2. 07140700– «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы

3W07140702 – «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер» біліктілігі бойынша

СЦБ-23-01 тобында 3 – орын бос.

3. 07320100– «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы

3W07320104 – «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша

ҚШ-23 тобында 1- орын бос.

4. 10130300– «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы

3W10130302 – «Аспазшы» біліктілігі бойынша

АС-23-01 тобында 3 – орын бос.

5. 07230100– «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы

3W07230102 – «Арнайы тігінші» біліктілігі бойынша

Т-23-01 тобында 4 – орын бос.

✅ 3 – курс бойынша

1. 07160500– «Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы

3W07160501 – «Локомотив машинисының көмекшісі» (түрлері бойынша) біліктілігі бойынша

ЭМК-22 тобында 2- орын бос.

2. 07140700– «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы

3W07140702 – «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер» біліктілігі бойынша

СЦБ-22-01 тобында 3 – орын бос.

СЦБ-22-02 тобында 5 – орын бос.

3. 07150500– «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) мамандығы

3W07150501 – «Электргазымен дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша

ГЭД-22 тобында 2 – орын бос.

4. 07230100– «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы

3W07230102 – «Арнайы тігінші» біліктілігі бойынша

Т-22 тобында 4 – орын бос

5. 10130300– «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы

3W10130302 – «Аспазшы» біліктілігі бойынша

АС-22-01 тобында 8 – орын бос.

АС-22-01 тобында 4 – орын бос.

“ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ -2025”

КОЛЛЕДЖДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Экономиканың тұрақты дамуы жұмысшы мамандықтарын қолдау мен нығайтусыз мүмкін емес екенін терең түсінетінін көрсетеді.Бүгінде №17 колледжде құрылысшылар, дәнекерлеушілер, локомотив машинист көмекшісі, аспазшылар, тігіншілер, электромонтер жұмысшы мамандықтары инфрақұрылым құруда және негізгі салалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Еңбекке деген құрметті қалпына келтіріп қана қоймай, жастарды осы маңызды салаларға тартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, бұл шешім кәсіби-техникалық білім беруді жаңғырту перспективаларын ашады. Бұл қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай білікті мамандарды дайындауға және экономиканың маңызды секторларындағы кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда колледж студенттері төмендегідей әлеуметтік қолдауға ие:

📌2025 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлем артты. 1 айға 1 студентке орта есеппен 42 454 теңге қарастырылған. Студенттердің шәкіртақысы 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 50 пайызға көтерілді.

📌 Яғни, жай шәкіртақы 52 288 теңгеге жетті, ал үздік оқитын білім алушыларға 58 824 теңге шәкіртақы беріледі. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар үшін

65 361 теңге шәкіртақы қаралған.

📌Көз бен құлақтан мүгедектігі бар студенттерге берілетін жеңілдіктерге келсек, шәкіртақының 75% қосымша көмек ретінде беріледі. Бұл – студенттерді әлеуметтік қолдаудың ең басты жаңалығы.

📌 Сондай-ақ жылына 1 рет әр жетім балаға

205 109 теңгеден астам қаржы киім-кешектерге арнайы бөлінеді.

📌 Студенттер үшін жол жүру ақысы бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Жылына екі рет әр балаға 7864 теңгеге жуық қаржы жолақы ретінде беріледі.

📌 №17 колледжде 75 студент тегін жатақханамен қамтылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін күнделікті бір реттік ыстық тамақтануға 729 теңге, орта есеппен 1 айға 14 583 теңге беріледі. Тегін кәсіптік білім беру гранттары саны жыл сайын артып келеді.

📌 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс 400 грантқа артты. Бұл 100 % межеге жетіп, толық қамтамасыз етілді.

№17 колледж директоры Ғани Келдібекұлы Мырзахметов.



















Введите текст заголовка